ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруді екпіні қатты жел қиындатып отыр. Дегенмен өрт сөндіру бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен іс-қимылы арқылы өрт ошағының шеті жыртылып, жалынның таралуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қолға алынды.
Дала өртіне өңірдің ТЖД күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар және орман шаруашылығының өкілдері жұмылдырылған. Жағдайды жедел бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылуда.
- Өртенген жердің көлемі нақтыланып жатыр. Өртпен күрес жұмыстары жалғасуда. Жағдай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Ақтөбеде қоқыс полигонынан өрт шыққаны туралы жаздық.