Өрт жүйелері бақылауына көшуі қажет - Алматы қаласының төтенше жағдайлармен күресу департаменті

МАТЫ. 16 тамыз. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласының әкімшілік және шаруашылық объектілеріне өрт жүйелері бақылауын енгізу қажет.

Бұл туралы Төтенше жағдайлармен күресу департаментінің өкілдері (ТЖД) бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Аталмыш департамент өкілдерінің айтуынша, бақылау жүйелері өрттің пайда болуына себеп болып келетін «адам факторын» мейлінше азайтуға және дабыл объектісінен дыбыстың жалғасу уақытын азайтуға, сонымен қатар, өсіп келе жатқан инфрақұрылымның жағдайларында қалалық өртке қарсы қызметінің елеулі жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Өрт жүйелерін бақылау және өртке қарсы қауіпсіздік салаларының сарапшысы Евгений Жуйконың айтуынша, өрт жүйелерінің бақылауы дегеніміз - мамандандырылған жабдықтау жинағы - өртті ерте айқындап, өртке қарсы қызметінің басқару тетігіне дыбыс шығаратын сымсыз жүйе. «Мұндай жүйе тәулік бойы үздіксіз өрт дабылын бақылауымен және лезде үрейлі хабарламаларды Алматы қаласының өртке қарсы қызметтерінің кезекші бөлімшелеріне жеткізуді қамтамасыз етеді», - дейді ол.

«Қазіргі кезде шаруашылық субъектілердің көбі объектілерде орнатылған өрт дабылының көрсеткіштерінің дыбыс шығарудың автономды түрімен ғана шектеледі. Немесе - балама ретінде - өздерінің басқару тетіктеріне дыбысты қабылдап, содан соң Алматы қаласының ТЖД-нің «101» және «112» нөмірлеріне хабарламаны қайталайды. ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес өрт бөлімшелерінің шығуы шартсыз түрде жүзеге асырылады. Дегенмен, объектілердің өрт жүйесінің бақылауы, объектілердің иелері үшін де, арнайы қызметтер үшін де, көмекке шақыру дыбысының жеткізілу уақытын азайту мәселесін шешер еді», - дейді Алматы қаласының ТЖД бастығының орынбасары Александр Кузнецов.

Алматы қаласының «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Валерий Андрияновтың айтуынша, күнделікті өрт мәселелерімен ұшырасатын кәсіпқойлар қызметтің жеңіл болып, ал мамандық назарындағы объектілер бүтін және аман болуын қалайды. «Жаңа сапалы ескерту жүйелеріне көшу қажеттілігін айта отыра, біздің мамандар шешім қабылдау уақытын едәуір азайтуға және қала өмірін қауіпсіз етуге тырысуда. Өрт жүйелерін бақылау - апатты жою кезінде қажетті қосымша уақыт үшін күресу. Өрт кезінде мүлік өртенбесе де, өрт өшірілгеннен кейін жарамсыз болып қалады. Ал, өрт салдарынан адамның қаза болуы, ол - ең қорқынышты нәрсе. Егер, бақылау жүйесі болса, мұндай апаттардың мүлдем болмауы мүмкін, себебі қызметтердің жедел келуге қосымша уақыттары болады», - деп атап өтті ол.

Өрттің пайда болу қаупі - қазіргі қалаларда өзектілердің бірі болып табылады. 2010 жылдың өзінде Алматыда 930 өрт тіркелсе, 2011 жылы 526 ірі өрттер тіркелген болатын. Қаза тапқандар саны 10 адам, олардың екеуі балалар болған еді. Құрбандар саны алдыңғы жылға қарағанда 2 есе жоғары. Барлығы Алматыда болған өрттен 179 адам зардап шекті, олардың 46-ы - балалар.