деп ой бөлісті Праганың Клиникалық және сынақ медицинасы институтының профессоры Ян Пирк pm.kz сайтына берген сұхбатында.
"Орта Азиядағы бірінші донорлық жүректі алмастырып салуды ұйымдастыру жақсы өткізілді. Донор кардиоорталықтан алыс емес бөлімшеде болғандықтан, операция сәтті өтті", - деді жүректі ауыстырып салу жөніндегі кеңесші ретінде жұмыс істеген Ян Пирк.
Оның айтуынша, жүректің бірінші биопсиясы ешқандай кері реакция көрсетпеген, пациент өзін жақсы сезінеді, және ол қазірде өз үйіне оралған.
Профессор Праганың Клиникалық және сынақ медицинасы институты созылмалы жүрек ауруына шалдыққан науқастарды емдеу жөніндегі диагностика бойынша Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығымен әлі де серіктестікте жұмыс істей беретіндігін жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылғы тамыз айында Чехияның кардиохирургы Ян Пирктің қатысуымен еліміздің алдыңғы қатарлы кардиохирургы Юрий Пя жасаған созылмалы жүрек ауруына шалдыққан сырқатқа донор жүрегін ауыстырып салу операциясы сәтті өткен болатын. 38 жастағы пациентке донор болған - миына қан құйылып қайтыс болған 46 жастағы әйел адам. Пациент бүгінде үйіне шығарылған, өзін жақсы сезінеді.