Орта білім беру мекемелерінде білікті кадрлар жетіспейді - Ж.Түймебаев

АНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Республиканың орта білім беру мекемелерінде жұмыс істеп жүрген әрбір бесінше мұғалім 50 және одан да жоғары жас шамасында.


Бұл туралы бүгін Астанада өткен білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ж.Түймебаевтың атап көрсеткеніндей, Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 2007-2008 жылдары республикалық бюджет қаражатына - 112, жергілікті бюджет есебінен - 55 мектеп салынды. Ал үстіміздегі жылдың соңына дейін республикалық қаражат есебінен - 63, жергілікті бюджет есебінен - 42 мектеп іске қосылады деп жоспарлануда. Оның 46-сы алдағы қыркүйектің 1-інде есіктерін айқара ашатын болады.

 Білім министрі Қазақстанда бала туу үрдісінің артуымен орта білім беру мекемелерінің саны да жыл санап арттырылып отырғанын айта келе, бұл саланың түйіткілі - кадрлардың жетіспеушілігі екенін жеткізді. Мәселен, республикада математика, физика, информатика және ағылшын тілі пәндерінен жоғары білікті педагогтар жетіспейді. Бұл үдеріс Астана қаласында да көрініс тауып отыр. «Бұл - ұстаздық кадрлардың қартаю үрдісімен болып жатқан тапшылық. Жұмыс істеп жүрген әрбір бесінші мұғалім 50 және одан да жоғары жас шамасында. Ал бұл саланың 30 және одан да жоғары жастағы мамандармен толығуы тек 2,2 пайзды құрап отыр», - деді ол. 

 Айта кетерлігі, облыстық білім беру басқармаларының мәліметтеріне сәйкес, үстіміздегі оқу жылында мұғалімдердің қатары 6 мың жас маманмен толығатын болады.