Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орта персонал саналатын санитариялық дәрігерлердің еңбекақысы өсетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Санитариялық-эпидемиологиялық мамандар қазір мемлекеттік қызметшілерге жатады. Былтырдан бастап барлық мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы көтерілді. Енді біз осы салада жұмыс істейтін орта персоналдың жалақысын 16 пайызға көтеруді жоспарлап отырмыз», - деп мәлім етті Ажар Ғиният.
Еске салайық, 1 қыркүйектен дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жалақысы көтеруге бағытталған Үкімет қаулысы шықты.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.