Орта және шағын бизнестен бюджетке 33 млрд теңге түсті –Жетісу облысының әкімі

Фото: Kazinform

Жетісу облысында шағын және орта бизнес саласында 110 мың адам жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Kazinform. 

«Бүгінде өңірде 59 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, онда 110 мың адам жұмыс істейді. 10 айда бюджетке 33 млрд теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Жалпы, өңірде шағын және орта бизнестің үлесі – 31%. Алдағы екі жылда бұл көрсеткішті 5-7%-ға арттыру жоспарланып отыр», - деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Жетісуда облысында биыл 3 мыңнан астам пәтер беріледі.

Бұған дейін Жетісу облысында экономиканың өсу қарқыны 112,9% жеткенін хабарлаған едік. 

Одан бөлек, аталған өңір дәнді дақылдардың көлемі жағынан алғашқы төрттікке кіреді.