«Ортақ Абай» байқауына 31 өзге ұлт өкілі қатысып жатыр

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Алматы облысында тұратын өзге ұлт жастары арасында «Ортақ Абай» атты көркем сөз оқу байқауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шараға ұйытқы болған Алматы облысы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы.

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан байқауға 31 өзге ұлт өкілі қатысуға ниет білдірген. Қазіргі таңда іріктеу кезеңінің екінші бөлігі өтіп жатыр. Жастар талап бойынша ақынның екі өлеңін немесе қара сөзін оқуы тиіс. Оқу уақыты 3-4 минуттан аспау керек. Ал жеңімпаздар 12 ақпан күні марапатталады.


Соңғы жаңалықтар