«Ортақ түрік тариxы» оқулығы Түркі кеңесіне мүше елдерде толық оқытыла бастады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшылары Саммитінің шешіміне сәйкес Халықаралық Түркі академиясы (International Turkic Academy) әзірлеген 8-сыныптарға арналған «Ортақ түрік тариxы» оқулығы Түркі кеңесіне мүше елдерде толық оқытыла бастады. Бұл туралы Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Бішкекте өткентамырлас елдердің Білім министрлері жиынында мақұлданғаннан кейін оқулықбауырлас елдердің мектеп бағдарламаларына тегіс енгізілді. Әзербайжанда жәнеТүркияда »Ортақ түрік тариxын« таңдаулы пән ретінде оқитын оқушыларсаны күннен-күнге артып келеді. Қазақстанда Назарбаев интеллектуалды мектептеріндесыннан өткен оқулық биылғы оқу жылынан бастап барлық мектептердің 8-сыныптарындатаңдаулы пән ретінде оқытыла бастайды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Халықаралықтүркі академиясының президенті терең тариxымыздың түп-тамырларына жетелейтінтағылымды пәнді таңдау арқылы балалар өткеннің өнегесіне үңіле түседі деп ойлайтынынжеткізген.

«Ғылым»баспасынан шыққан оқулықты Түркі академиясынан алуға болады.