Орталық Азия берген уәдені орындауда жаһандық көшбасшыға айналды — Дүнежүзілік банк

АСТАНА. KAZINFORM — Орталық Азия берген уәдені орындауда жаһандық көшбасшыға айналды. Бұл туралы Өңірлік экологиялық саммит аясында өтіп жатқан Орталық Азия климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі конференцияда Дүниежүзілік банктің қоршаған орта жөніндегі тобының директоры Валери Хикки айтты.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Орталық Азия әлемдік деңгейде уәде беруде ғана емес, сол уәденің орындалуында да жаһандық көшбасшы болып келеді. Өңір энергетикаға, суға, табиғатқа инвестиция салу мүмкіндіктер күн тәртібі екеніне жол сілтеп, жөн көрсетіп отыр. Орталық Азия жұмыс орындары санының артып, түптеп келгенде ғаламшардың тіршілігін жақсарта түсетін күн тәртібін қалай жүзеге асыруды да біледі. Сөз экономикалық өсім, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау жайында болып отыр. Өңір жеке секторды, инвестияны қалай тарту керектігін, энергетика, сумен жабдықтау салаларында мемлекеттік секторға қысымды қалай төмендету қажеттігін көрсетуде, — деді мейман.

Оның дерегінше, Дүниежүзілік банк тобы өңірде нақты бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 1 млрд доллар инвестиция жұмсағанын атап өтті.

— Орталық Азия — бұл экономиканы дамыту, жұмыс орындарын арттыру үшін бірлесе жұмыс істейтін елдердің коалициясы. Бұған қоса, ғаламшардың тіршілігін жақсарта түсу үшін де зор үлес қосып келеді, — деді Валери Хикки.

Айта кетейік, Өңірлік экологиялық саммиттің ашылуына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт қатысушыларға ілтипат білдіріп, халықаралық диалог алаңының маңызына тоқталған еді.