Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан президенттерімен бірге мәртебелі меймандардың құрметіне ұйымдастырылған «Достық кеші» гала-концертін тамашалады.
Бүгін кешке Астанаға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді, ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады.
Одан бұрын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров та Астанаға келген еді. Қырғыз басшысы да Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия Жапония» диалогы мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.
Сондай-ақ, бүгін Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев те Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген болатын.
Ал, 7 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алғанын жазған едік.
7-8 тамыз күндері түстіктегі көрші ел басшысы Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға ресми сапары өтіп жатыр.