«Кеңірек айтқанда, халықаралық қоғамдастық климат бағытындағы бағдарламаларға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуға қатысты өз міндеттемелерін күшейтеді деп үміттенеміз. Бірақ қаржыландыру – тек кедергілердің басы ғана.
2050 жылға қарай жаһандық температураның 1,5 градусқа дейін көтерілуін шектей алғанымызбен, Орталық Азия елдері бәрібір температураның 2,5 градусқа дейін жоғарылау мәселесімен бетпе-бет келеді. Бұл су тапшылығына, қатты ыстыққа, шөлге және экстремальды гидрологиялық құбылыстарға әкеп соқтырады. Сондықтан мұндай қиын жағдайдан қашып құтыла алмаймыз және оған бейімделуге мәжбүрміз», - деді Президент.
19:13, 01 Желтоқсан 2023
Орталық Азия елдері температураның жоғарылау мәселесімен бетпе-бет келеді – Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев самитте сөйлеген сөзінде Орталық Азия елдері температураның 2,5 градусқа дейін жоғарылау мәселесімен бетпе-бет келетінін айтты, деп хабарлайды Kazinform.