Атап айтқанда, II дәрежелі «Достық» орденімен халықтар арасындағы достықты нығайтуға және мәдени байланыстарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін танымал әншілер Мирбек Атабеков, Парахат Амандурдыев, Севара Назархан, суретші-реставратор Таалайбек Усубалиев, актер Батыр Чарыев, белгілі дирижер Камолиддин Уринбаев марапатталды.
Ерлан Қарин өңір халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуда награда иелерінің рөлі айрықша екенін атап өтті.
— Өнерде шекара жоқ. Сіздер өз шығармашылықтарыңыз арқылы халықтар арасын жақындатып, жас ұрпақтың көршілес елдердің мәдениеті мен дәстүрін тереңірек түсінуіне ықпал етіп келесіздер, — деді Ерлан Қарин.
Вице-Президент марапат иелерін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Бұған дейін Ерлан Қарин Президент Жолдауындағы бастамаларды заңнама тұрғысында қолдауға басымдық беретінін жаздық.