«Құрметті әріптестер, әсіресе, су-энергетикалық ресурстардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында қол жеткізген шынайы жетістіктерге назар аударуларыңызды сұраймын. Яғни, біздің бірлесіп, келісе отырып атқарған жұмысымыз біздегі энергетикалық жүйелерді өзара резервтеуге, авариялық режимдерде, электр қуатын тұтынудың шарықтау шектерінде қажетті мөлшерді жеткізуге ғана мүмкіндік беріп қоймайды. Сондай-ақ, өңірдің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне қажетті суды уақытында қамтамасыз ету үшін қауіпсіз жинақтауға мүмкіндік береді», - деді ол.
Сондай-ақ, министр әлемдегі геосаяси турбуленттілік Орталық Азия елдерінің арасындағы энергетикалық қауіпсіздікті де сынақтан өткеріп жатқанын атап өтті.