«Күз басталғаннан темір жол көлігі арқылы астық тасымалының деңгейі артып келеді. Өткен айда 1 млн 53 мың тонна астық тасымалданды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп. Оның ішінде экспортқа 867 мың тонна, республика ішінде 186 тонна тасымалданды. Орталық Азия секілді дәстүрлі нарықтарға экспорттау көлемі 28 пайызға артты. Иран бағыты бойынша тасымал қайта жанданып, қыркүйекте 140 мың тонна астық экспортталды. Бұл ретте Ақтау портының инфрақұрылымы қолданылды. Қазақ айында жоспарлы тасымал көлемі 1 млн тонна астықты құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 26 пайызға көп», - деді министр.
Оның атап өтуінше, жыл соңына дейін астық тасмалы қарқынды болмақ. Ай сайын 1,2-1,3 млн тонна астық тасымалданады.
«Орталық Азия елдеріне және Қытай мен басқа да нарықтарға қажетті экспорттық тасымалды толық қамтамасыз ету үшін шекаралық өткізу бекеттерінің қуаттылығы жеткілікті. Бүгінгі таңда 11 800 астық тасымалдайтын вагон жұмылдырылған. Оның 6 мың бірлігі экспорттық қатынаста жұмыс істейді. Оған қоса 16 мың жабық вагон қолданылады. Бұл вагондар ұнтақталған өнімдердің тасымалын қамтамасыз етуге және Қытайға астық тиеуге, оның ішінде «Азық-түлік корпорациясы» келісімшарттарын орындауға пайдаланылады», - деді Марат Қарабаев.