Онда Орталық сайлау комиссиясы Respublica партиясының 75 кандидаттан тұратын партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылдады. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров құжат мәтінін оқыды.
– Бірінші, Respublica партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін.
Екінші, Respublica партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша тіркелген ҚР Құрылтайының депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін.
Үшінші, ҚР Орталық сайлау комиссиясының аппараты «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Respublica партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.
Төртінші, Respublica партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы хабар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және ҚР Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Бесінші, Respublica партиясы қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін «Respublica» партиясы төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың өкілеттігі үш жылға ұзартылғанын жазғанбыз.