Азамат Айманкумов пен Михаил Бортник Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мемлекет басшысының Жарлықтарымен ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа екі мүшесі тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;

Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Аталған екі азамат Мемлекет басшысының Жарлықтарымен қызметінен босатылған Сәбила Сапарқызы Мұстафина мен Константин Викторович Петровтың орнына мүше болды.