Метро құрылысы мен жүрдек вагондарды жеткізу жұмыстарына жалпы 1,8 млрд. доллар жұмсалды. Панама Президенті Рикардо Мартинелли 38 айға созылған жұмысқа көңілі толатынын айтып, игілікті істі мерзімінде бітірген барлық жұмысшылар мен мердігерлерге алғысын арнады. Осыдан кейін Мемлекет басшысы Үкімет мүшелерімен бірге метро пойызының алғашқы сапарына аттанды. Алдағы уақытта жерасты жолының бірнеше тармағы салынуы керек, оның бірі Панама каналы арқылы өтуі тиіс.