Орталық Америкадағы су тасқыны 80 адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Орталық Америкадағы нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны мен топырақ жынысы ығысуының нетижесінде қаза болғандар саны 80 адамға жетті, деп хабарлады жергілікті өкімет орындары.

Әсіресе Сальвадорда ең көп - 32 адам құрбан болды. Олардың көпшілігі өз үйлерінен шыға алмай көз жұмған. Гватемалада қаза болғандардың саны - 29 адамға, Гондураста - 13-ке, Никарагуада - 8 адамға жетті, деп хабарлайды Би-Би-Си-дің орыс қызметі. Табиғат апаты басты қалаларды жалғастыратын автожолдарды шайып кетті.