«Келесі кездесу келесі жылы, Наурыз қарсаңында Ташкентте өтеді. Біз кезек-кезекпен әрбір астанада кездесіп отыруға уағдаластық. Наурыз біздің мейрамымыз және символдық мәні бар. Біз бір-бірімізді құттықтайтын боламыз», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс кездесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарға да айрықша назар аударылғанын баса айтты.
«Бұл бағыттағы ынтымақтастықты одан ары арттыра түсу қажет. Кеңес заманында аталған байланыс тұралап қалған болатын. Оны қайта қалпына келтіру қажет. Орталық Азия елдері мәдениетінің фестивалін, жастар кездесуін, спорттық кездесулерді, студенттер алмасуын, өңірдегі туризмді дамыту қажет. Осы жиында бұл мәселелердің барлығын талқыладық және нақты жұмыс болады деп сенемін», - деді ҚР Президенті.
фото:photosight.ru