Орталық Азия елдеріне бірлесіп әрекет еткен пайдалы - зерттеудің нәтижесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін "Болашақ энергиясы" форумы аясында Тәжікстаннан келген бір топ маман Орталық Азия елдерінің баламалы энергетиканы дамыту саласындағы тәжірибесіне қатысты сұрақ қойды.

«Жалпы, аймақ елдері бірлесіп әрекет жасап, қазіргі қауіп-қатерлерге төтеп бере ала ма?», деді олар. Оған Назарбаев Университетінің бас директоры Қанат Байғарин жауап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Негізі, Орталық Азияның xалқы қазіргі қауіп-қатерлердің бәрін жақсы түсінеді. Білім мен ғылым саласында жүрген қарпайым адамдар энергетика мен теxнологияның балансы, климаттың өзгеруі сияқты жаһандық проблемаларды да біледі. Сосын біздің көзқарасымыз да бір, көп айырмашылық жоқ. Алайда шешім қабылдайтын адамдар басқа бір экономикалық мақсаттарға басымдық беріп жатады. Саяси ұстаным да бар. Соның нәтижесінде ұзақмерзімді мақсаттар қысқамерзімді жоспарлардың көлеңкесінде қалып жатады", - дейді Байғарин.

Ғалымның айтуынша, бүгінде Орталық Азияда жеке-дара емес, бірлесіп шешім қабылдайтын уақыт келді. Себебі трансшекаралық өзен-сулар, энергетика, экология және тағы басқа ортақ мәселелер көп. "Біз өзіміз бір зерттеу жасап, нақты бір шешімге келдік. Егер Каспий аймағындағы мемлекеттер өз саясатын үйлестіріп, бірлесіп жүргізсе, онда қазіргі жеке-дара әрекет етуімізге қарағанда, бірлесіп жұмыс істегеннен екі есе артық экономикалық пайда түседі. Бұл - математикалық модель. Оны бәріміз жақсы түсінеміз. Өкінішке қарай, әзірше Орталық Азияда ондай байланыс байқалмайды", - деп атап көрсетті Байғарин.