Қайрат Әбдірахманов Шолпан атада өтетін Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысатын болады.
«Кездесуде министрлер Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасуды, көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты талқылауды, күн тәртібінде тұрған өңірлік және халықаралық мәселелерді қарауды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.
Күн тәртібінде, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдердің орындалу жайы да болады. Кездесу үстіміздегі жылы Астанада өткен болатын.