Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің министрлері мен жоғары шенді тұлғалар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары мен контртеррористік агенттік құрылымдарының басшылары қатысады.
Аталған жиын БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришаның төрағалығымен өтеді. Кездесудің басты мақсаты БҰҰ-ның өңірлік деңгейдегі жаһандық контртеррористік стратегияны жүзеге асыру бойынша бірінші құжат саналатын Орталық Азия үшін біріккен іс-қимыл жоспарын орындауға шолу жасау болып табылады.
Бұл кездесу «Орталық Азиядағы БҰҰ-ның жаһандық контртеррористік стратегияны жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын орындау» жобасының екінші кезеңін қорытындылайтын іс-шара.
Еске салайық, жаһандық контртеррористік стратегия Бас Ассамблея консенсус негізінде 2006 жылы қабылдаған болатын.