деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Менің бұл сапарым Астана қаласындағы Дүниежүзілік кедендік ұйымының аймақтық оқу орталығының ашылуына арналды. Аймақтық оқу орталығын ашу үшін Қазақстан жайдан-жай таңдап алынған жоқ. Мұнда өте үлкен жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстан бұл жағынан аймақта көшбасшы. Қазір ол халықаралық көлік байланысының орталығы болуға ұмтылуда. Әрине, Қазақстан Орталық Азияда барлық бастамаларда көшбасшы болуы керек", дейді Кунио Микурия. Қазақстанның кеден қызметін жетілдіруде атқарып жатқан жұмыстарын өз көзімен көрген ол ризашылығын жасыра алмады. Сондай-ақ Қазақстанның кеден қызметі бұл жаңартуды алдағы уақытта бұдан ары жалғастыратынына үлкен үміт артты. Оның пайымдауынша, бұған сауда мен инвестициядағы зор ілеует мүмкіндік береді.