Орталық Азия лаңкестікке қарсы күресте әлемнің өзге өңірлеріне жақсы үлгі болуда - БҰҰ кеңесшісі

АЛМАТЫ. 21 маусым. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Орталық Азиядағы ғаламдық лаңкестікке қарсы стратегиясын жүзеге асырудың бірлескен әрекеттестік жоспары аймақ үшін үлкен жетістік болуда.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы шараларын жүзеге асыру жөніндегі мақсатты тобы мен БҰҰ-ның Орталық Азия үшін первентивті дипломатия бойынша аймақтық орталығының консультативтік кездесуінде айтылды.

«БҰҰ-ның Орталық Азиядағы ғаламдық лаңкестікке қарсы стратегиясын жүзеге асырудың бірлескен әрекеттестік  жоспары 2011 жылы қарашада Ашхабадта мақұлданған болатын. Енді ол тиімді түрде жылдам жүзеге асырылуы керек. БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы шараларын жүзеге асыру жөніндегі мақсатты тобы мен БҰҰ-ның Орталық Азия үшін первентивті дипломатия бойынша аймақтық орталығы ө әріптестеріне бұл өңірдегі жетістік туралы айтып берді.  Қазіргі таңда  Шығыс Африка өңірінде осындай бірлескен әрекеттестік жоспарын жасауға көмектесуде», - дейді БҰҰ лаңкестіке қарсы шараларын жүзеге асыру жөніндегі мақсатты топтың  саяси  мәсселелер жөніндегі кеңесшісі Зишан Аминг.

Оның айтуынша, БҰҰ-ның құрылымындағы 31 ұйым мен әріптестері БҰҰ-ның Орталық Азиядағы ғаламдық лаңкестікке қарсы стратегиясын жүзеге асырудың бірлескен әрекеттестік  жоспарын жүзеге асыруда аймақтағы елдерге көмектесуге ынталы. Халықаралық және аймақтық ұйымдарда мұндай ынтымақтастық арқылы тиімді тетіктер жасауға мүмкіндік бар. БҰҰ-ның  ғаламдық лаңкестікке қарсы стратегиясы алдағы аптада болатын мәжілісте де жан-жақты талқыланбақ.