хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қырғызстандағы жағдайға байланысты Ресей басшылығы Қазақстанның ЕҚЫҰ мен басқа да ықпалдастық жобаларындағы кез-келген бастамасын қолдайды. Көптеген сарапшылар үшін Қырғызстандағы соңғы жағдай күтпеген жәйт болды. Орталық Азия мәселесін біз өз мәселеміз деп қабылдаймыз. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан деп бөлмей посткеңестік кеңістегі ортақ мәселе деп санаймыз», дейді М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Поскеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталының бас директоры Алексей Власов. Оның пайымдауынша, Орталық Азиядағы ықпалдастық пен қауіпсіздік мәселесінде көшбасшы ретінде Қазақстан бірқатар жауапкершілікті өз мойнына алу керек. Өйткені, аймақта тұрақсыздық орын алса Қазақстан қоғамы да оның зардабын шегеді.