«Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» АҚ Павлодар қаласында салынатын екі әлеуметтік нысанның құрылысын қаржыландырады. Бұл Усолка ауданында жалпы ауданы 9 692 шаршы метрді құрайтын көп қабатты тұрғын үй мен Павлодар монтаждау колледжінде дәнекерлеу ісі және энергетика мамандығының студенттеріне арналған 200 орындық жатақхананың құрылысы. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін компания 2,2 млрд. теңге көлемінде қаражат бөліп отыр.
Облыс әкімдігі өз тарапынан ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ғимараттардың құрылысына қажетті жер учаскесін бөлу және құжаттарды рәсімдеу, сондай-ақ, құрылыс нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тартуға қолдау көрсетеді.