АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Азияда АИТВ-инфекциясының көбірек таралуы Өзбекстанда байқалып отыр. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ЮНЭЙДС (БҰҰ АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасының) ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік директоры Виней Салдана мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Орталық Азияда аурудың таралуының мүлдем әртүрлі ауқымы байқалып отыр. Өңірде АИТВ-ның ең көп таралуы Өзбекстанда тіркеліп отыр. Маманның пайымынша, бұған өңір бойынша осы елде халық санының көптігіне байланысты болып отыр.
«Осы елде тіркелген АИТВ оқиғаларының саны айтарлықтай көп. Бұл тұрғыда Қырғызстан мен Тәжікстанда орташа жағдай байқалуда», - деді В. Салдана.
ЮНЭЙДС өкілінің айтуынша, Түркіменстан өңір бойынша БҰҰ-ға АИТВ фактілері жөнінде мүлдем хабарламаған жалғыз ел болып табылады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.