Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.5. Магнитудасы - 4.1. Тереңдігі 20 шақырым. Алматыда жер сілкінісінің дүмпуі сезілген жоқ.
Еске сала кетсек, біріншісі Алматы уақыты бойынша сағат 01:12-де тіркелді, оның ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 258 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Арада жарты сағат өткен соң, сағат 01:40-та тағы да бір жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 766 шақырым жерде Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында орналасқан.