деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Мешітте бір мезгілде 150 мыңға дейін адам сәждеге бас қоя алатын болады. Құрылысқа 7,5 гектар жер бөлінді. Мешітке іргелес аумаққа ислам университетінің ғимараты салынады. Сонымен қатар, бұрқақтар, кітапханалар, мұражай және конференциялар өткізуге арналған арнайы залдар салу жоспарланған.
Құрылысты Біріккен Араб Әмірлігінің «Аднан Сафарини» компаниясы жүргізеді. Нысан бес жылдан кейін пайдалануға берілмекші.