«Тағы бір өзекті мәселе - ол түрлі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа байланысты. Өкінішке қарай, мұндай қатынастар тиісті деңгейде болмай тұр. Орталық Азия бойынша көші-қонмен жұмыс тұрғысында қандай да бір консультативтік бірлескен орган құрған маңызды болар еді. Әсіресе, Қырғызстан үшін көші-қон мәселесі төтенше маңызды әрі күрделі жағдай болып отыр. Сәйкесінше, бұл проблеманы шешу керек болса да, алайда оны шешудің жолын ешкім білмейді. Осы тұрғыда халықаралық ұйымдардың көмегі, бірлескен күш-жігер өте маңызды», - деп тоқталды Қырғызстанның экс-министрі.
Сонымен қатар, сарапшы Үндістанның миграциялық тәжірибесінен мысал келтірді. Оның пайымынша, көші-қон саласында Орталық Азия елдері ірі мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенуі үлкен қателік болады.
«Шетелде үндіс мигранттармен жұмыс істейтін тиісті қызмет бар екен. Сондағы мәліметке қарағанда, Үндістаннан тыс елдерде 27 млн үндіс өмір сүріп жатыр. Менің ойымша, бұл көрсеткіш бұдан да жоғары. Азаматтардың шетелге шығуын ынталандыру - ол елде үкімет жұмысының маңызды компоненті деп санайды. Яғни табысты жұмысты іздеу мен бизнесті дамытуға үндістер шетелге көбірек шыққанын қалайды. Егер де Үндістаннан халқының үштен бірі сыртқа кеткеннің өзінде, бұл ел осы өңірдегі халқының саны көп мемлекет мәртебесін сақтап қалады. Ал Қырғызстаннан 4 миллион азаматының 1,5 миллионы шетелге кетсе, онда бұл жағдай елдің егемендігіне ауыр соққы болады», - деді М. Иманалиев.
Осы орайда ол этникалық тегіне немесе діни ұстанымына қарамастан, әрбір қырғызстандық ел егемендігінің қорғаушысы болатынын атап өтті.
«Үшжақты демографиялық қысым жағдайында Қырғызстан үшін көші-қон ахуалы ең өзекті проблема болып тұр. Менің ойымша, халықаралық ұйымдар бұл бағытта тиісті жұмыстарды атқара алады», - деді ШЫҰ-ның экс-бас хатшысы.