Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Исламның дамуының жаңа бағыттары және олардың Орталық Азиядағы тұрақтылыққа тигізетін әсері" деп аталатын халықаралық конференцияда айтылды.
"Фридрих Эберт қоры ағымдағы жылы Орталық Азияның тұрақтылығына төнген қауіптер туралы 3 рет халықаралық конференция өткізді. Алдымен 27 мамырда Ауғанстандағы әскер ахуалды талқыладық. Конференция материалдары кейін "Exclusive" журналында жарияланды. Ал 18 қарашада 11 қыркүйектегі оқиғаның әлемдік қоғамдастыққа әсері қаралды", - дейді Эберт қорының Орталық Азиядағы үйлестірушісі Вульф Лапинс. Оның айтуынша, Орталық Азиядағы ешбір мемлекет әлі жүйені трансформациялауды аяқтаған жоқ.