«Су көлемі азайып барады. Жақында ғана Президент әкімдіктің (Астана – автор түсіндірмесі) жұмысын сынға алды. Егер елорданың халық саны 2 миллионға жетсе, онда біз су, электр қуатын қайдан аламыз? Мұның барлығы абстракталы сұрақ емес. Климаттың өзгеруі де біздің күн тәртібімізде тұрған маңызды мәселе», - деді Еркін Тұқымов.
ҚСЗИ директоры су тапшылығына қатысты мәселенің өзектілігіне түсіндіру үшін таяуда екі ел арасында болған оқиғаны мысалға келтірді.
«Жақында су үшін талибан мен (Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде тыйым салынған) Иран арасында шиеленіс болды. Енді Тәжікстанмен Амудария бойынша дәл осындай қақтығыс болмайтынына кепілдік қайда? Амудария Қазақстан арқылы өтпейді, бірақ ол Арал теңізі ғой. Бұл тікелей Қызылорда облысына қатысты» - деді Еркін Тұқымов.
Қоса кетсек, аталған форум аясында сөз сөйлеген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Терроризмге қарсы комитетінің атқарушы директоры Наталья Герман Қазақстанның «Жусан» гуманитарлық арнайы операциясы өзге мемлекеттерге үлгі екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін елордада Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы өтіп жатқанын хабарлап едік. Оған Азия елдерінен келген 60-тан астам сарапшы қатысып жатыр.