«Орталық Азиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы Қазақстанның бастамасымен ашылған болатын. Оның негізгі мақсаты есірткі бизнесі мен тасымалымен күресті үйлестіру. Ұйымның құрылуы туралы құжатты Парламент 2008 жылы ратификациялаған болатын. Ол халықаралық операцияларды үйлестіруге өз үлесін қосуда. Бұл ұйымның алғашқы қадамдары деп ойлаймыз», - дейді М. Әшімбаев. Депутаттың айттуынша, енді оның жұмысын әсіресе, 2014 жылы Ауғанстаннан халықаралық коалиция күштерінің шығарылуына байланысты жаңа деңгейге көтеру қажет. Сондықтан бұл мәслихатта Парламентте бекітілген құжаттардың қалай жүзеге асып жатқанын бағалап, оған қатысты мәселелер жан-жақты талқылануда.
17:50, 01 Наурыз 2013
Орталық Азиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының жұмысын жаңа деңгейге көтеру керек - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
АЛМАТЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Орталық Азиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы өзінің алғашқы қадамдарын сәтті жүргізді. Енді оның жұмысын жаңа деңгейге көтеру керек. Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.