деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.
Ұсталғандардың арасында Өзбекстанның екі азаматы бар. Олар базарда әр түрлі жұмыстарды атқарған. Таңертеңгі 7:30 кезінде әлгілер «Арал» базарындағы контейнерлердің бірінен 250 мың теңгенің тауарын жымқырған.
«Суық қолдыларды учаске инспекторы байқап қалған. Ол күдікті адамдарды тексерген. Тауарларды базарды сырт жағындағы жеңіл көлікке тиеп жатқан қарақшылар бұл заттардың өздерінікі екендігін дәлелдей алмаған. Тағы екі күдіктіні криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. 36 және 30 жастағы екі ер адам «Құлагер» базарындағы сату нүктелерінің біріне кіріп, ұрлық жасаған. Олардан келген залал мөлшері 40 мың теңгені құрады», - деп хабарлады Алатау ауданы ішкі істер басқармасының басшысы, полиция полковнигі Ерлан Оралбеков.
Тағы бір ұрыны тәртіп сақшылары Заря Востока кентіндегі орталық киім-кешек базарынан құрықтады. Ер адам өзінің жалдап тұратын пәтерінде «Құлагер» базарындағы контейнерден ұрланған заттарды сақтаған. Жоғарыда аталған барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды.