Бүгін Орталық Қазақстан тұрғындары қала көшелерінен алғашқы қарды көрді. Әдетте мұнда қар кешірек - қазан айының соңында, көбіне қарашада жауатын еді. Таңданған тұрғындар ауа-райы құбылысын видеоға түсіре бастады.
Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют, Есіл және Тайынша аудандарының тұрғындары бүгін таңертең тұрғанда терезелерінен айналаны қар басып қалғанын көрген болатын.