Орталық көліктік аймақ бойынша теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп туғызатын алғышарттар сақталып отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, атап айтқанда, теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігінің жағдайын бақылауды жүзеге асыру кезіндегі қызметтің тиімділігі мәселелері бойынша Орталық Қазақстан аймақаралық көліктік бақылау инспекциясын тексеру кезінде «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылыққа жол берілген фактілер анықталған. Және де тексеріс нәтижесі өкілетті орган ретінде Көліктік бақылау инспекцияларына берілген өкілеттіктердің орындалмайтындығын, теміржол көлігі саласындағы мамлекеттік саясаттың іс жүзінде жүргізлмейтіндігін көрсеткен. Сондай-ақ, тексеріс нәтижелері Көліктік бақылау инспекциялары өз ұйғарымдарының орындалуына тиісті бақылауды ұйымдастырмағанын көрсеткен. Бұдан бөлек, Орталық аймақ бойынша «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі департаментін тексеру барысында қозғалыс қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізетін тиісті бақылаудың жоқтығы анықталған.
Орталық аймақтық көлік прокуратурасының мәліметінше, Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы 2010 жылғы 5 айдың ішінде Жезқазған, Жаңарқа, Балқаш стансалары және теміржол көлігі кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша тексерістерді мүлдем жүргізбеген, сонымен қатар 2010 жылғы жұмыс жоспарын да қарастырмаған. Ал, жалпы Орталық аймақ бойынша жүргізілген барлығы 15 тексеріс бойынша заңдылықты 59 бұзушылық анықталған, заңдылықты бұзушылықтарды жою жөнінде 11 ұйғарым шығарылған.