Орталық коммуникациялар қызметі Үкімет басшысының ағымдағы аптадағы жоспарымен таныстырды

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев Үкімет басшысы Серік Ахметовтің осы аптадағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

Атап айтқанда, бүгін Премьер-Министр ҚР Әділет министрлігінің өткен жылғы қорытындылары мен биылғы мақсат-міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысады.

Бұдан бөлек, 14 ақпанда С. Ахметов ҚР Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізеді. Ал 15 ақпанда Премьер-Министр Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысына қатысады деп күтілуде.