Орталық мұражайда «Алматы әуездері» сурет көрмесі ашылды
Ленинградтағы саңырауларға арналған көркемөнер техникумы мен Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының түлегі өзінің шығармашылық қызметін «сүйікті қаласының портретін» салуға арнаған суретші. Ескі және қазіргі Алматының өзгермелі көріністерін шеберлікпен бейнелеген кескіндемелік және графикалық туындыларымен өнер сүйер қауымға белгілі болған А.Уткин 7-ші қарашаға дейін созылатын бұл көрмеге 50 картинасын ұсынып отыр. Онда қаланың тарихи орталықтары мен әрбір алматылыққа қымбат орындары, атап айтқанда, ескі алаң, опера театры, бұрқақтар және ескі қаланың тыныш көшелері мен кең даңғылдары көрініс тапқан.
Жалпы Алексей бірнеше халықаралық және республикалық көрмелердің (Рим, Мәскеу), сонымен қатар халықаралық «Екінші жолI» (Вашингтон), «Қызғалдақ және адам» (Нидерланды корольдігінің елшілігі) жобаларының қатысушысы. Оның топтық және жеке көрмелері «Трибуна», «Тәңірі-Ұмай», «Ұлар», «Аrk» көркемөнер галереяларында қойылған. Сондай-ақ авторлық жұмыстары еліміздің және АҚШ, Голландия, Италия, Испания, Ресей, Түркия, Франция сияқты шет мемлекеттердің жеке коллекцияларында сақтаулы.