Орталық облыстарда +8, оңтүстікте +20 градусқа дейін күн жылынады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 25-27 наурыз күндері Республикамыздың  басым бөлігінде фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, жауын-шашын, көктайғақ болады, түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі және кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі ықтимал.

Иран өңірлерінен жылы ауа массаларының енуімен, ауа температурасы солтүстік, шығыс және орталықта 3 8-қа дейін, оңтүстікте 15 20-қа дейін, еліміздің батысында 5 13 дейін жоғарылауы болжанады.