Орталық сайлау комиссиясы келесі жылға жоспарланып отырған сайлауды өз тиісті талаптарға сай өткізуге дайын

АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясында сайлауды өткізуге қажетті барлық кадрлық және материалдық ресурстар бар.

Орталық сайлау комиссиясы келесі жылға жоспарланып отырған сайлауды өз деңгейінде өткізуге, ел азаматтары мен сайлауға қатысушылардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру үшін барлық жағдайларды жасауға дайын.

Бұл туралы бүгін 2012 жылдың 15-ші қаңтарына жоспарланып отырған Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының барысына байланысты журналистермен болған баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.

«Біз саяси партиялар өкілдерімен және сайлау үдерісіне қатысушылармен, сондай-ақ азаматтық қоғам институтының өкілдерімен қарым-қатынасты барынша ашық жүргізудеміз. Орталық сайлау комиссиясының барлық отырыстары ашық түрде өтіп жатыр. Біз өзіміз қабылдаған шешімдер мен болып жатқан оқиғалар жөнінде және сайлау үдерісіне қатысты мәіметтерді тұрақты түрде көпшілікке жария етіп отырмыз»,-деді В.Фоос.