«7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай: бүкіл көрсеткіштер бойынша оң өсім 9 өңірде – Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалды», - деді ол.
Осы ретте министр орталық және жергілікті атқарушы органдар назар аударуы тиіс іс-шараларды атады.
«Бірінші - отандық азық-түлік тауарларын өндірушілерге қолдау шараларын көрсету және олармен сату бағасын белгілеу туралы келіссөздер жүргізу. Екінші - инвесторларға кешенді қолдау көрсете отырып, инвестиция ағынын ұлғайту бойынша тиімді шараларды іске асыру. Үшінші көктемгі егіске тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуге кешенді қолдау көрсету, өңдеу өнеркәсібінде жоспарланған өсу қарқынын қамтамасыз ету. Төртінші - экспорттау бағыттарының баламалы жолдарын қалыптастыру арқылы отандық өнімнің жаңа нарықтарға шығуына қолдау көрсету, шикізаттық емес экспортты жан-жақты қолдау. Бесінші -бизнес өкілдерін кешенді қолдау және олар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету», - деді Әлібек Қуантыров.