«Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, Ұлттық қордан аударылатын трансферттерді біртіндеп төмендетуді қамтамасыз етуі тиіс. Бюджеттеу тәсілдерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу қажет. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларына көбірек дербестік беру қажет», - деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, мемлекет иелігінен шығару, монополистердің өзге шектес нарықтардың қызметіне араласпауы, әкімшілік кедергілерді және нарыққа баға қысымын төмендету бөлігінде Экономиканы демонополизациялау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысын күшейту керек.
«Еңбек министрлігі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және өндірістік жарақаттың алдын-алу тетіктерін жетілдіруге баса назар аударуы қажет», - деді Үкімет басшысы.