Нагано префектурасында Онтакэ жанартауы бүгін таңертең атқылай бастады. Жапония Ұлттық метеорологиялық басқармасы жанартау аймағындағы қауіп деңгейін бес балдық шкала бойынша үшке бағалап, оған 4 шақырымға дейінгі қашықтықтан жақындауға тыйым салды. Жапонияның NHK орталық телеарнасы таратқан ақпаратқа қарағанда, кратер үстінен биіктігі бірнеше шақырым болатын күл аралас шаң-тозаң көтеріліп келеді. Зардап шеккендер мен қирандылар жайлы хабарлама түскен жоқ. Онтакэ жанартауы Токиодан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Соңғы рет ол 2007 жылы атқылаған.
16:47, 27 Қыркүйек 2014
Орталық Жапонияда Онтакэ жанартауы оянды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда жанартау маңындағы іргелес аудандардың тұрғындары таңертең Онтакэде бірнеше жарылыс болып, тау жыныстарының атқылағаны жайлы хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.