Орталықафрикалық елдің халқын қорғау үшін француздық әскерилер жеткізілді

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - БҰҰ қолдауымен қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша әскери операция аясында жүздеген француздық сарбаздар Орталық Африка Республикасына келді.

Бронды машина мінген әскерилер аталған елдің астанасы Бангиде тәртіпті сақтауға жұмылдырылып отыр. Атап айтқанда, бұл қалада соңғы бірнеше күнде қақтығыстар салдарынан жүздеген адам опат болды. Сонымен қатар қала үстінде жауынгерлік ұшақтар шолғыншылық жасап жүр.

ВВС-дің жазуынша, Франция Президенті Франсуа Олландтың сөзінше, Орталық Африка Республикасында француздық әскер полицияның қызметін атқаратын болады.

Аталған африкалық елде қақтығыстардан кем дегенде 300 адам қаза болды, олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін деген пікірлер айтылуда.

Бейсенбі күні Банги қаласына наурызда тақтан шеттетілген бұрынғы Президент Франсуа Бозизенің жақтастары шабуылдаған көрінеді.

БҰҰ солтүстіктегі Босангое қаласында көптеген адам өлтірілгенін, сонымен қатар өртенген үйлер жайында хабарлап отыр.

Айта кетейік, наурызда билікті қолына алған мұсылман көтерілісшілерге экс-президент Бозизені жақтап жүрген христиандар қарсылық көрсетуде.