деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығына (ОААҮО) донорлық ұйымдар мен ведомстворалық құрылымдар тарапынан үлкен қызығушылқты сезіндік. АҚШ сияқты мемлекет үшін ОААҮО жобасы басым бағыттардың бірі екенін де атап өткім келеді. Оны Еуроодақ өкілі де жоғары бағалап отыр. Бұған дейін және бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыс әлемдік, халықаралық және донорлық қоғамдастықтар тарапынан да жоғары бағалануда", дейді Орталық Азиядағы UNODC өкілі Марк Каллахан. Оның айтуынша, қазір ол Орталықазялық аймақтық ақпараттық үйлесіру орталығының бақылаушы мәртебесін иеленген елдердің ұлықтау рәсімін тағатсыздана күтіп отыр. Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің бүгінгі отырысында Австрия, Пәкістан, Канада, АҚШ, Германия елдеріне осындай мәртебе беру мақұлданды. Жалпы бұған дейін оған Италия, Франция, Финляндия және Интерпол ие болған.