Орталықазиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық елдерінде жалпы импорттың бестен бірін базарлардағы сауда ағыны құрайды - Бартолемей Камински

None
; АЛМАТЫ. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сауда ықпалдастығы мен Орталық Азия елдерінің одан ары дамуын базар саудасы нығайтуда. Оны Орталық Азиядағы шекаралық сауда туралы арнайы жазылған зерттеу авторларының бірі Барталомей Камински бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Бүкіләлемдік банк өкілдерінің жетекшілігімен Орталық Азия елдерінің базарларына жүргізген сараптамалық зерттеу материалдары бойынша жазылған. Орыс тіліндегі нұсқасы биылғы жазда жарық көреді деп жоспарланған еңбектің қазір ағылшын тіліндегі нұсқасы әзірленіп отыр.

«Зерттеу Ауғанстан-Тәжікстан, Ауғанстан-Өзбекстан, Қытай-Қазақстан, Қытай-Қырғызстан, Қазақстан-Қырғызстан, Қазақстан-Өзбекстан, Қырғызстан-Тәжікстан және Тәжікстан-Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара бекеттерінде жүргізілді. Шекаралық сауда айтарлықтай экономикалық шешімдер алып келеді. Сатушылардың айтуынша, таза кіріс әрбір сауда келісімінде 25-30 пайызды құрайды. Бұл жергілікті саудагерлерге жылдық 3,31 миллион долларлық түсімді қамтамасыз етеді. Жалпы шекаралық саудада негізінен әйелдер белсенді қатысады», дейді Б. Камински.