«Новости-Азербайджан» агенттігінің тілшісі Роман Темников әзірлеген мақаланы ұсынамыз.
Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік сонау өткен ғасырдың 30-шы жылдары, Орталық Азиядағы бауырлас түркі халықтары тұралы олар тәуелсіз ел атанатын күн жақын деген болатын. Ол, Түркияның сол күнге дайын болуын атап көрсеткен. Міне, сол күн келіп отыр. Бауырлас халықтардың жақындай түсуіне өте маңызды, нақты қадам жасаған Тұрғыт Өзал 1993 жылдың сәуір айында Орталық Азияның түркітілдес елдері мен Әзірбайжанға 12 күндік ресми сапар жасап еді. Түрік президентінің өзімен бірге алып келген түркітілдес елдердің достастығын құру туралы хаттамаға барлық президенттер қол қойып еді. Бірақ, Түркияға оралғаннан кейін, келесі күні, сәуірдің 17-сінде Тұрғыт Өзал кенеттен көз жұмады да, түркітілдес елдердің достастығын құру туралы оның идеясы сол күйінде қалып қояды. Өзалдан кейін достастық идеясын жандандырмақ болған Қазақстан Президенті Орталықазиялық мемлекеттер одағына бірігуді ұсынды.
Біріккен жағдайда орталықазиялық бес мемлекеттің әлемдік саясатта да, экономикада да үлкен күшке айналатынын барша жұрт түсініп отыр. Пайымдалып отырған одаққа әзірге Түркия мен Әзірбайжан қосылмаған. Бірақ та, Орталық Азия елдерінің басшылары өзара келіссе, келешекте Түркия мен Әзірбайжанның оларға қосылу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды.
Орталықазиялық бес мемлекеттің Одақ болып бірігу бағытындағы ықпалдастығы негізінен мәдени жақындықтарына, тіл кедергілерінің жоқтығына, тарихи тамырластыққа, қалыптасқан көлік және энергетикалық байланыстарға, бір-біріне деген өзара құрметке, сондай-ақ экономиканы дамыту және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысындағы тиімділіктерге негізделуде.
Орталықазиялық аймақ өзін газбен, мұнаймен, көмірмен қамтамасыз ету үшін жеткілікті энергоресурсқа ие, су-энергетикалық ресурстармен де өзара байланысқан. Қарапайым халық еркін жүріп-тұру және жұмыс істей алу үшін шекара ашылады, капитал да еркін қозғалады, үлкен мүмкіндіктер ашылады.
Орталықазиялық мемлекеттер одағын құру идеясына дейін Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің Орталықазиялық экономикалық одағы бастама болған. Аталған елдер 1993 жылдың қыркүйек айында Экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Ал 1994 жылдың сәуір айында олардың арасында ортақ экономикалық кеңістік жарияланды. Ал сол жылдың шілде айында Орталықазиялық одақтың Мемлекетаралық кеңесі мен атқарушы комитеті құрылды. 1998 жылдың наурыз айында одаққа Тәжікстан қосылды. Ал сол жылдың шілде айынан бастап аталмыш аймақтық бірлестік Орталықазиялық экономикалық қоғамдастық (ЦАЭС) болып атала бастады.
Орталық Азиядағы сол кезеңдегі ықпалдастық үдерістер экономиканың аясында шектеліп қалмаған еді. Олардың жаңа сипаттары - саяси, құқықтық, гуманитарлық, ақпараттық аспектілері пайда болды. Атап айтқанда, 1995 жылдың желтоқсан айында Мемлекетаралық кеңестің мәжілісінде үш мемлекеттің Қорғаныс министрлерінің кеңесі құрылған болатын, Кеңес әскери ынтымақтастық туралы нақты келісімдер әзірлеумен айналысты. Сол жолы бірлескен бітімгершілік батальонын құру туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның арасындағы ықпалдастық үдерістің тереңдеуінің нәтижесінде 1997 жылдың қаңтар айында аталған елдердің арасында Мәңгілік достық туралы келісімшартқа қол қойылды. Біздің мақаламызға арқау болып отырған бірлестік үшін дәл осы Келісімшарт берік негіз бола алады. Қалай дегенмен, аймақ елдерінің арасындағы қарым-қатынастар едәуір реттеліп келеді, соның нәтижесінде ықпалдастық үдерістер мен оларды жүзеге асырудың тетіктері жетіліп келеді.
Орталық Азиядағы ықпалдастық үдерістердің даму өзектілігі мен аймақ елдері ынтымақтастығының сауда-экономикалық байланыстары шектелмей, жан-жақты дамуы
Орталықазиялық мемлекеттер одағын құру идеясына негіз болып отырған сыңайлы. Осындай одақ құрылған жағдайда үш қағиданың: еріктілік, прагматизм және осынау үдерістерді қоғамдық қолдау қағидаларының сақталуы керек екенін тараптар түсінеді. Тек осындай жағдайда ғана ықпалдастық үдерістердің жалғасы болады. Дегенмен, одаққа аймақтың басқа да елдерінің қосылу мүмкіндігін жоққа шығармау керек.
Орталық Азияның ықпалдастығы - тұрақтылыққа, прогреске, аймақтың экономикалық, әскери және саяси тәуелділігіне жасалған қадам. Мұндай бірлескен аймақта тұратын қарапайым халықтың мүддесіне сай.
Қазақстан Президентінің бастамасы лаңкестік, діни экстремизм, ушығып бара жатқан наркотрафик, адамдарды құлдыққа сату, заңсыз көші-қон, конвенциялық қару-жарақтардың таралуы, су проблемасы сияқты ортақ ығыттар мен қатерлер туғызып отырған жаһандану жағдайында оңтайлы аймақтық ынтымақтастық орнатуға деген шынайы талпынысынан туындап отыр және бұл идея орталықазиялық мемлекеттердің ынтымақтастығының жаңа моделін жасауды, Орталық Азия тарихында бұрын болмаған осындай бірлестікті құруды пайымдайды.