Орталықсыздандыру жауапкершілікті құр әкімдіктерге жүктеу болмауы тиіс - Президент
«Мемлекеттік басқаруды түбегейлі жетілдірмей жоғарды аталған мәселелердің бәрін тиімді шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін кезең-кезеңмен орталықсызданыру басталды. Үкіметтің шамамен 500 қызметі министрліктерге берілді. Біз министрліктердің қызметін әкімдерге беруді қарастыратын әкімшілік реформалардың екінші кезеңіне кірістік. Шешімдер жергілікті жерде, адамдарға жақын және олардың сұраныстарына орай қабылдануы қажет. Бірақ, орталықсыздандыру жауапкершілікті құр әкімдіктерге жүктеу болмауы тиіс», - деді Президент.
Мемлекет басшысы жергілікті билікке қызметтерді қажетті кадрлық және қаржылық ресурстармен бірге бер мақсатқа са й болатындығын баса айтты.
«Өкілеттікті кеңейтумен қатар соған шамалас саяси қызметшілердің басшылық жасайтын саланың дамуына және олар қабылдайтын шешімдерге жеке жауапкершілігін арттыру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.