Заң жобасы еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, бөлінетін функцияларды заңнамалық бекіту, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату, жергілікті және орталық мемлекеттік органдар қызметінің қайталануын болдырмау қажеттігіне байланысты болып отыр. Бұл ретте заң жобасы бойынша орталық мемлекеттік органдар арасында - 10 функция, орталықтан облысқа - 73, облыстан ауданға - 4, ауданнан ауылға 7 функция қайта бөлінетін болады. Нәтижесінде орталықтан облыстық деңгейге өткізілетін өкілеттіктерге 620 штаттық бірлік беріледі. Бұдан бөлек, заң жобасымен аудандық (қалалық) деңгейде қосымша функциялар бекітіледі және аталған функциялар облыстық, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде де сақталады. Барлығы аудандық деңгейге берілетін штат саны - 431 бірлік. Ал ауылдық округ әкімдеріне салалық заң актілерімен 67 қызмет жүктеледі және олардың аппараттарын нығайту мақсатында орталықтан аймақтарға 4 369 бірлік, сондай-ақ облыстық жергілікті атқарушы органдардан 500 бірлік беріледі. Заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуға және жергілікті атқарушы органдарға қажетті өкілеттіктер мен тиісті штаттық құрам беруге мүмкіндік береді.
Заң жобасы екінші оқылым бойынша палатаның қарауына жолданатын болды.