деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Өлгендердің қарызы тірілердің мойнында. Біз мойындауымыз керек, өз ортамыздан кеткен перзенттерімізді әлі күнге дейін ел болып ұлықтай алмай жүрміз. Оған ұлтты кінәлауға болмайды. Бұл әрбір адамның ниетіне, талпынысына, жүрек қалауына байланысты. Ол құнтсыздықтың, назар салмаудың әлегі болу керек", дейді театр сыншысы Әшірбек Сығай. Өнертанушы ғалымның айтуынша, өз асылымызды өзіміз бағалай алмай жүргенде оны өзгелерге таныту мүмкін емес. Көзден кеткен соң көңілден де ұмытыла бастаған ұлт қайраткерлерінің еңбегін елеусіз қалдырмау бүгінгі ұрпаққа сын, ал үкіметке міндет болу керек. Сонда ғана өзгелердің алдында әрдайым жүзіміз жарқын, мерейіміз үстем болмақ.